Футболда көптеген тәртіптік шараларға естіп жүрміз. Бірақ, Еуропада мынадай сорақы жазаны бұрын-соңды көрмеппіз. Жуырда румыниялық клуб ішкі біріншілігінде бақандай минус 66 ұпаймен ойнап жатыр. Масқара жағдай иә?
Нақтырақ айтсақ, Румынияның футбол федерациясы екінші дивизионда өнер көрсететін «Миовени» командасына қатаң тәртіптік шара қолданып, чемпионат барысында - 74 ұпайға жазалаған. Маусым басында қаржыдан тарықса да төменгі біріншілікте қалуды көздеген клуб 16 турдан кейін әлі -66 ұпаймен турнир кестесінің соңынан тапжылмай тұр. Енді олар чемпионаттың қалған ойындарының бәрінде жеңіске жетсе де минустан шыға алмайды. Командаға тағылған айып, футболшылар мен бапкерлер алдында жалақыға қарызы қордаланып қалған. Қиын жағдайға тап болған кәсіби команда қазір банкроттың алдында тұр. Ал осыдан екі жыл бұрын ғана «Миовени» өз елінің жоғары лигасында ойнаған екен.
P/S: Егер де Қазақстанда да Румыния футбол федерациясы секілді жалақы қарызына осындай қатаң тәртіптік жаза қолданатын болса ҚПЛ-да “Қайсар” “Миовенидің” күйін кешіп кетер еді. Тіпті, біраз клуб минусқа кіріп кетеді-ау.
Біздің серіктес: FONBET