Жарнама
Жарнама

«Чемпионат» Дастан Сәтпаев жайлы: ал ағылшындық скауттар оның бойынан не байқапты?

11.02.2025, 15:41

Ресейлік «Чемпионат» сайты посткеңестік кеңістік елдерінен топ чемпионаттарға ауысқан ойыншылар туралы пікір айтып, «Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевты да тілге тиек етіпті.

Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

«Бұл трансферлік терезе таңғажайып. «Манчестер Ситиге» Абдукодир Хусанов барды, «Портудың» жастар командасына беларус Трофим Мельниченко ауысты. Трендтен «Челсиде» қалмауда: «Қайраттан» 16 жасар Дастан Сәтпаевты алып отыр.

Дастан қазірдің өзінде «Қайраттың» негізгі командасында доп теуіп үлгерді. Мамырда Лига кубогінің кездесуіне қосалқы құрамнан қосылып, клуб тарихында дебют жасаған ең жас ойыншы атанды. Сәтпаевтың жастар арасындағы жетістіктері де жетерлік. Қазақстанда оны өз буынының жарық жұлдызына баласа, мамандар ұлттық құраманың болашақ жұлдызы санайды. Ал ағылшындық скауттар оның бойынан не байқапты?», - делінген сайт материалында.

Естеріңізде болса, Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатыны туралы сыбыс қаңтар айында шыққан еді. Артынша бұл ақпаратты белгілі инсайдер Фабрицио Романо да растады. Әйтсе де, «Челси» өкілдері трансферді әлі ресми жарияламаса да, Қайрат Боранбаев аптаның басында Сәтпаевтың трансфері туралы ресми мәлімдеді.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров