Жарнама
Жарнама

"Челсидің" жарақат алған екі ойыншысының жағдайы белгілі болды

23.04.2019, 21:51
Жарнама
Жарнама
Кеше өз алаңында "Бернлимен" 2-2 есебімен тең түскен ойында "Челсидің" екі бірдей ойыншысы жарақат алып, матчты соңына дейін жалғастыра алмаған болатын. Ал бүгін жарақат алған екі жартылай қорғаушы Нголо Канте мен Каллум Хадсон-Одоидың денсаулығына байланысты жаттықтырушылардың бірі Джанфранко Дзола ақпарат берді деп жариялайды,"Челсидің" Твиттердегі парақшасы. Бапкер өз сөзінде: "Кантенің қабырғасын ауыртып алған соң тыныс алуы нашалап кетті. Біз оны тек сақтық үшін ауыстыру керек деп шештік. Ауыр жарақаттан дін аман. Ол жақын күндері жалпы командамен бірге жаттығу жұмыстарына кіреді",- десе, Каллумға қатысты: " Расында, Хадсон-Одоидың жарақаты біз ойлағананнан да ауыр болып шықты. Қазір ол еркін жүріп - тұрудан қалды. Не дегенмен асығыс шешім қабылдап, жауап бергім келмейді. Бірақ тобықтан алған жарақаты тым ауыр", - деп қысқа қайырды. Ал Каллумның өзі бүгін твиттер парақшасына былай деп жазба қалдырыпты. "Өкінішке қарай, мен үшін бұл маусым аяқталды. Тобық сүйегімгің жарылуына байланысты алаңға шыға алмайтын болдым. Бірақ айыққан бетте келесі маусымға тыңғылықты дайындықты бастаймын". Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы ойыншы осы жылы 24 матчқа қатысып, 5 гол салған-ды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров