"Реал" мен "Атлетико" Маркос Алонсоға қызығушылық танытуда.
AS басылымының хабарлауынша, "Челси" испандық қорғаушы үшін арнайы баға белгілемеген. Сондықтан ойыншы 30 миллион еуроға қолжетімді болуы мүмкін. Дәл осы бағаға "Челси" Алонсоға бәсекеге Эмерсон Палмериді алған болатын.
Маркос Алонсо АПЛ-дың 2017/18 жж. тамаша өнерімен ерекшеленіп, маусымының символикалық құрамасына енген болатын.
AS-тың пайымдауынша, мадридтік клубтар ойыншыны биыл ала алмаса, келесі жылы қатарларына қосуға тырысатын болады. Айта кететін жайт, егер "Челси" испан қорғаушысынан дәл қазір айырылатын болса, оның орнына ойыншы ала алмайды. Өйткені, Англияда трансферлік кезең ендігі жабылып қалған.