Жуырда ғана трансферлік банды алып тастағаннан кейін Лондонның "Челсиі" қыста құрамды біраз күшейтпек ниетті. Лондон ұжымының басшылары "Реал" жартылай қорғаушысы Исконы 52 млн. еуроға сатып алуға дайын деп хабарлайды El Desmarque.
Дегенмен 27 жастағы футболшы қазір "галактикос" сапынан кеткісі келмейтін көрінеді. Клуб пен футболшы арасындағы келісім-шарт 2022 жылға дейін жарамды.
Айта кетейік, Иско "Реал" сапына 2013 жылы "Малагадан" 30 млн. еуроға ауысып келген еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET