Юсуп Шадиев қазір санаулы минуттардан кейін ҚПЛ-2025-тің бірінші турында жолығатын «Ордабасы» мен «Ақтөбе» туралы ойын ортаға салды.
Қазақстандық ардагердің пікірінше «Ордабасы» толықтай жаңарған ал ақтөбеліктер Суперкубогте кеткен есесін қайтаруға тырысады.
«Биылғы біріншілікте ең жоғары орындарға таласатын командалардың қызықты теке-тіресі. «Ақтөбе» Суперкубог үшін болған бәсекеде өте сүреңсіз ойнап, енді соны жанкүйер алдында жуып-шаюға тырыспақ. Ал «Ордабасы» маусымды толықтай жаңарған құраммен, жаңа бапкермен бастағалы тұр. Мен үшін бұл әзірше нағыз құпия-команда болып отыр», - деді отандық маман.
Айта кетейік, шымкенттік клуб былтыр премьер-лиганы төртінші орынмен аяқтады. Ал ақтөбелік команда үздік үштікті түйіндеген. Өткен айда Игорь Леоновтың шәкірттері «Қайратпен» Қазақстан Суперкубогін сарапқа салып 0:2-мен ұтылды.
Біздің серіктес: FONBET