«Штутгарт» - «Бавария» - 2.70
Биылғы біріншілікте керемет ойынымен көзге түскен мюнхендіктер бүгін сырт алаңда кезекті жеңісін тіркей ме? Жоқ «Штутгарт» фавориттен ұпай олжалай ма?
Статистика бүгінгі бәсекедегі алаң иелерінің жағында емес – «Штутгарт» өз алаңында өткен 10 матчтың тоғызында «Бавариядан» ұтылған. Былтыр өте табысты маусымдағы жеңісі болмаса, «швабтардың» мюнхендіктерге «ыңғайлы» қарсылас екені мәлім. Венсан Компанидың командасы да қарқынға қарқын қосып келеді, «Байермен» тең тарқасқан соң, өткен жолы «Айнтрахты» аямады – 4:0. Ал «Штутгарттың» қалы онша емес: дәл қазір Бундеслигада 7-орында.
Біздің болжам - «Баварияның» жеңісі және алаң иелері екі сары қағаздан көп ескертумен жазаланады. Fonbet.kz бұл нұсқаға 2.70 коэффициент ұсынады.
«Фиорентина» - «Лечче» - 2.02
А Сериясының 28-турындағы қызықты кездесуде ауыр күндерді басынан кешкен қос команда кездеседі. Биыл ала-құла ойнап жүрген «Фиорентина» қатарынан үш кездесуге жалғасқан сәтсіз сериясына нүкте қоя ма?
Алаң иелері маусымды жақсы бастап, біраз уақыт үздік 4-ің қатарында келген. Бірақ, ол позициясын ұзақ ұстай алмады. Қазір Рафаэль Палладиноның шәкірттері турнирлік кестеді алтыншы орында. Бірақ сол арман болған ЧЛ аймағына іліну қиын болайын деп тұр – төртінші сатыдағы «Ювентустан» бақандай 7 ұпай қалып келеді.
«Лечче» жақсы қарқын алып, үш матча жеңілмей, өткен турда ойламаған жерден өзінің алаңында «Удинезеден» ұтылып қалды – 0:1. Енді осы олқылықтың орнын толтыру керек.
Біздің нұсқа қос клуб та гол салады. Бұған біздің серіктес 2.02 коэффициент тарту етеді.
«Монако» - «Реймс» - 2.25
«Монегаскілік» клуб ЧЛ-дан ұшқан соң бар күшін Франция чемпионатына салады. Маусымды жақсы бастаған «Монако» ақырындап төмен сырғи-сырғи 5-орыннан бірақ шықты. Ади Хюттердің командасы өзінің алаңындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде үстемдік танытты. Осы жолы да солай болар ма екен?
«Реймстің» жағдайы қиындау. Команда дәл қазір 15-орында. Сондықтан бар мақсаты түсінікті - Лига 1-дегі орнын сақтап қалу. Самба Диаварра бас бапкер болып тағайындалған жыл басынан бері «Реймс» бес бәсекеде бірде-бір рет жеңіске жете алмай келеді. Жеңіс былай тұрсын бір ұпай алудың өзі қияметке айналған. Әсіресе, сырт алаңдағы матчар «Реймс» үшін өте үлкен мәселе.
Бұл ойында «Монако» сөзсіз фаворит және матчтың бірінші минуттарынан басымдыққа ие болып, бар мәселені бірінші таймда шешуге тырысады. Осы сценариймен жүрсе «Реймс» үзілістен кейін бір серпілуі тиіс.
Болжам – қонақтар екінші таймда гол соғады. Fonbet.kz бұл нұсқаға 2.25 коэффициент беріп тұр.
Біздің серіктес: FONBET