Жарнама
Жарнама

Бүгінгі ЧЛ 1/16 финалдық кезеңінің қарымта матчтарына болжам – 9.747

19.02.2025, 12:29

«Реал» Мадрид - «Манчестер Сити» - 1.80

"Манчестер Сити" - "Ньюкасл" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Кемі жартылай финалда жолығу керек қарсыластар бүгін келесі кезеңнің тағдырын шешеді. Англиядағы матчта Хосеп Гвардиоланың шәкірттері жеңісті уысынан шығарып алған. Бүгін түн ауғанда «қалалықтар» кеткен есені қайтаруға тырысады. Команда АПЛ-де «Ньюкаслды» тас-талқан етіп (4:0), мадридтіктердің зәресін бір алғаны анық. «Реал» керісінше Манчестерден кейін «Осасунамен» сүреңсіз ойын көрсетіп, таңқалдырды (1:1). Карло Анчелотти осы арқылы бүкіл күшті «қалалықтармен» қарымта матчқа салатындай ма?

«Реалдың» соңғы кездегі проблемаларының барлығын бүгінгі сәтті ойын нәтижесі жуып-шайып жібергелі тұр. Бір жағы АПЛ-де бас жүлдеден күдер үзуге жақын Гвардиоланың командасына да басты еурокубоктің маңызы зор. Бірінші бәсекені ескерсек, жауапты ойын да өте тартысты өтуі тиіс.

Біздің болжам - қонақтар бірінші таймда гол салады. Fonbet.kz бұған 1.80 коэффициент беруде.

«ПСВ» - «Ювентус» - 2.85

Нидерландылық пен туриндік команда биылғы ЧЛ-да осымен үшінші рет кездеседі. Бірінші турда 3:1 мен ұтылған Петер Босстың клубы 1/16-ның бірінші бәсекесінде 1:2-мен есе жіберді. Теориялық тұрғыда «ПСВ» де мүмкіндік бар. Ол үшін алаң иелеріне қорғаныста сауатты ойнап, батыл қимылдау қажет.

«Ювентустың» бүгінгі қарсыласпен статистикасы күшті – соңғы екі ойынды жеңіспен аяқтады. Бірақ Тьяго Моттаға қорғаныс шебіне ерекше көңіл бөлу керек секілді, туриндік ұжым сырт алаңдағы соңғы 7 кездесудің алтауында гол жіберген. Нидерланды жеріндегі жауапты матчта, әсіресе осы позицияға көп күш түспек, себебі, алаң иелері алғашқы сәттен бастап, есе қайтаруға тырысады.

«ПСВ» - «Ювентус» арасындағы ойынның бірінші таймы сақ өтеді деп есептейміз. Командалар көп тәуекелге бармай, бар мәселені екінші таймда шеше ме? Бұл бәсекенің екінші таймдағы тоталы 2-ден көп болады дейміз. Fonbet.kz бұған 2.85 коэффициент ұсынады.

«ПСЖ» - «БРЕСТ» – 1.90

Қос қарсылас жақсы таныс. Үйренген жау атыспаққа жақсы деп, париждіктер бірінші бәсекеде Эрик Руаның командасын аяған жоқ. 3:0-ден кейін «ПСЖ» ның жеңісіне ешқандай шүбә жоқ секілді. Бірақ, «Брест» бүгін тұяқ серпіп қалуы тиіс. Былтырғы маусымнан кейін біраз өзгерістер болған «теңіз қарақшылары» биыл Лига 1-де мардымсыз өнер көрсетіп отыр. Бірінші айналымда сүреңсіз ойнаған команда кейін келе етек-жеңін жинап қазір тоғызыншы сатыға жайғасқан.

Тьяго Моттаның ішкі біріншіліктегі жағдайы алдын-ала болжанғандай-ақ – «ПСЖ» екінші орындағы «Марсельден» бақандай 10 ұпай алға озып кеткен. «Брестке» қарсы соңғы төрт ойынды жеңіспен аяқтаған париждіктердің бар ойы 1/8-де екені анық. Бірақ, «теңіз қарақшылары» «ПСЖ» мен өткен соңғы матчтардың барлығында голсыз қайтпаған екен. Бүгін соны жалғастыра ала ма?

Біздің болжам - қос клуб та гол соғады. «Брест» келесі кезеңге өте алмасын, бірақ жанкүйер намысы үшін «есікті қатты» жауып кетуі керек. Осылай деп топшыладық. Бұл нұсқаның коэффициенті 1.90.           

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров