Тобыл-Ордабасы
Тобыл Еурокубоктік бәйгеден ерте шығып кеткендігімен қоса, бапкерінен де айырылды. Енді олар осы кездесуде негізгі құрамын алаңға шығарып, қарсыласты жаңылыстыру үшін барын салатындығы түсінікті.
Ал, Ордабасы болса бағы мен бабы кейде қатар шауып, кейде болмайтын жерден сүріне беретін әдеті бар. Сол олқылықтың орнын толтырып, жанкүйерлерді қуанту үшін қолдан келгенді аянбайтындығы да белгілі.
Шахтер-Қайрат
Шахтер шапқылап, Қайрат қылышын қайрар сәт десек болатын шығар. Себебі, Астананың түздегі тең нәтижесі Алос баптайтын клубқа арын сыйлары сөзсіз. Айрандай ұйыған алматылықтар қонақта делебесі қосып жеңісті жұлып әкетсе таңғалмаймын.
Ал, "Шахтер" "Қайратқа" шаң жұтқызып кетуден тайынбайды. Бұрын "Астана" сапында ойнғана Дамир Кочшевичтің өзі бір соққысымен-ақ матч тағдырын шешіп кетуден тайынбайды. Сол үшін бұл ойында жан алып, жан берісетін фантастикалық матч болатындығына сенеміз.
Соған қарап отырып, қарсыластар Дамирді тұсап ұстауға тырысары сөзсіз.
Бірақ, Шахтердің ақсап тұрған тұсы қақпашы мәселесі...
Әлішер Хабидолла