Жарнама
Жарнама

Бруно Бальтазар: «Біз қарсылас команданың қарымын жақсы білеміз»

30.08.2018, 01:00
Жарнама
Жарнама
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Астана» мен АПОЭЛ арасындағы қарымта кездесу алдында кипрліктердің бас бапкері Бруно Бальтазар журналистер сұрағына жауап берді.

-         Бізді ертең өте қиын ойын күтіп тұр. Себебі, «Астана» өте жақсы ойын үлгісін көрсететін мықты команда. Сондықтан, ертең біз барынша жинақы ойын көрсетуіміз қажет.

-         Команда ертең қорғанысқа баса назар аудара ма?

-         Ертеңгі кездесуде барынша жинақы ойын көрсетуіміз қажет. Біз Астанаға тек қорғану үшін емес, гол соғып, келесі кезеңге өту үшін келдік. Алайда, біз қарсылас команданың қарымын жақсы білеміз. Біздің ертеңгі ойынға құрған нақты жоспарымыз бар. Оны дәл қазір айта алмаймын.

-         «Астана» сапынан қандай ойыншыны ерекше атап өтер едіңіз?

-         «Астана» сапындаға бразилиялық ойыншылардың шеберліктері өте жоғары. Оған қосы, шабуылшылар Кабананга мен Янга бар. Ал жалпы алғанда жекелей бір ойыншыға тоқталғым келмейді. «Астана»  командалық ойын көрсететін мықты ұжым.

-         «Астана Аренадағы» жасанды алаңда команда осыған дейін екі рет жеңіліс тапқан болатын. Ертеңгі ойында осы жағдай Сіздерге қиындық болмай ма?

-         Біз үшін бұл таңсық дүние екендігін рас. Дегемен, біз қысқа уақытта бейімделіп үлгеруге тиіспіз.  Менің өткенге оралғым келмейді. Біз үшін бірінші кезекте команданың нәтижесі маңызды.

fcastana.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров