Жарнама
Жарнама

Бруно Бальтазар: «Астана» – өте мықты қарсылас!»

24.08.2018, 21:11
Жарнама
Жарнама
Бруно Бальтазар: «Астана» – өте мықты қарсылас!» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі АПОЭЛ – «Астана» (1:0) матчынан кейін Кипр командасының бас бапкері Бруно Бальтазара журналистер сұрағына жауап беріп, матч туралы өз ойын білдірді.

- Бүгінгі есепке сөзсіз көңілім толады. Дегенмен Астанада мұнай есеппен ойнау өте қауіпті, әсіресе тек қорғаныста ойнайтын болсақ. Бірақ Қазақстанда да гол салғымыз келеді. Қарсылас туралы не айтуға болады? «Астана» – өте мықты қарсылас! Олар қазір нағыз бабында. Меніңше, екінші матч өте қызықты, әрі тартысты өтеді.

- 1:0 есебі Сізге қарымта кездесу алдында фаворит екендігіңізді сезіндіре ме?

- Мен мұндай есепте ешқандай басымдықты көріп тұрған жоқпын. Біз Қазақстанға гол соғу мақсатында баратынымыз анық. Кешегі матчтың алғашқы таймында екі команданың да жеңіске жетуге мүмкіндіктері болды, ал екінші таймда АПОЭЛ өзінің мықты екенін көрсете білді. Біз осы ойын арқылы келесі матчта да жеңіске жетуге мүмкіндігіміз бар екенін дәлелдегендей болдық және де Қазақстанда нәтижелі ойын көрсетеміз деген сенімдемін. 

- Командаңыз Астанада нақты бір есеп үшін ойнай ма?

- Біз Астанаға қорғану үшін емес, гол соғу үшін барамыз. «Астана» өзінің Еуродода бәсекелерінде мықты команда екенін дәлелдеп үлгерген. Алдағы бір апта ойынға сараптама жасап, келесі матчта қателік жібермес үшін өткен кездесудегі қателіктерімізбен жұмыс істейтін боламыз. Сондай-ақ қарсыластың да әлсіз тұстарын іздеп көреміз. 1:0 есебі «Астанаға» қысым көрсетеді және олар гол соғу үшін бүкіл ұжым болып шабуылдайтыны жасырын емес. Ал біз Астанаға тек жеңіс үшін ғана барамыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров