Жарнама
Жарнама

Бразилияға араға 12 жыл салып келген - жүлде

08.07.2019, 17:20
Жарнама
Жарнама
Бразилия - Перу 3:1. Гол авторлары: Эвертон, 15 мин, Жезус, 45+3 мин, Ришарлисон, 90 мин (пенальтиден) - Герреро, 44 мин, (пенальтиден). Сонымен, 46 рет сарапқа салынған Копа Америка турнирі өз мәресіне жетті. "Салесао" араға 12 жыл салып өз жерінде өткен құрлықтың басты жүлдесіне ие болды. Естеріңіңізге сала кетейік, Бразилия соңғы рет 2007 жылы Латын Америкасы кубогының жеңімпазы атанған-ды. Тите шәкірттері даңқты "Маракана" стадионында "инктерді" осы бәсеке аясында 2 рет тізе бүктірді. Топтық кезеңде дәл осы Перуды 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Жалпы Бразилия бас жүлдені осымен 9 рет жеңіп алса, Перу екінші, ал Аргенина құрамасы үшінші, яғни қола жүлдеге қол созды. "Альбиселесте" капитаны Лионель Мессиді КОНМЕБОЛ Копа Америкадағы төрешілік жайындағы сынынан кейін ұлттық құрама сапында 2 жыл өнер көрсетуіне тиым салуы мүмкін. Финалдық ойынның басынан бастап алаң иелері матч тізгінін толық қолда ұстады. Пентакампиондар  көбіне оң қапталда Габриэль Жезус арқылы шабуылдаумен болды. 15 минутта соғылған гол соның айқын дәледі. Жезус алыс бұрышқа әуелете асырған допты Эвертон қақпада тулатты. Ал осыдан соң ойын қарқыны шамалы баяулап қалды. Осы аралықты сәтті пайдаланған Перу футболшылары таразы басын теңестірді. 44 минутта айып алаңында доп қорғаушы Тиаго Сильваның қолына тиген соң төреші инктердің пайдасына 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Бұл нүктеден Герреро мүлт кетпей, турнирдегі 3 голына сүйінгі сұрады. Ал Бразилия өз қателігі тез жуып шайды. Төреші қосқан 3 минутта Жезус өз құрамасына тағы басымдық сыйлады. Екінші тайм Бразилия үшін оңайға соқпады. Өйткені, 70 минутта екінші сары қағазын алған Габриэль Жезус алаңған қуылып кетті. Көбіне қорғанысқа көңіл бөлген Бразилия ойыншылары 97 минутта 3 голды соғып кетті. "Гремио" сұрмергені Эвертон құрамасына пенальти орындауға мүмкіндік алып берді. Айып соққысын дәл жүзеге асырған Ришарлисон қорытынды есепті тіркеді. Турнир қорытындысы бойынша, Дани Алвес Америка Кубогының ең үздік ойынысы атанса, небәрі осы додада бір ғана гол жіберген (тек финалдық ойында ғана гол жіберген) Алиссон үздік қақпашыға берілетін жүлдеге ие болды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров