Бразилия құрамасына алғаш рет үш жаңа футболшы шақырылды
Бразилия құрамасының бас бапкері Тите Сауд Арабиясы мен Аргентинаға қарсы кездесулерге қатысатын құрама ойыншыларының тізімін жариялады.
Қақпашылар: Алиссон («Ливерпуль»), Эдерсон («Манчестер Сити»»), Фелипе («Гремио»);
Қорғаушылар: Данило («Манчестер Сити»), Марсело («Реал»), Алекс Сандро («Ювентус»), Фабиньо («Ливерпуль»), Эдер Милитао («Порту»), Маркиньос («ПСЖ»), Миранда («Интер»), Пабло («Бордо»);
Жартылай қорғаушылар: Артур, Филиппе Коутиньо (екеуі де – «Барселона»), Каземиро («Реал»), Фред («Манчестер Юнайтед»), Ренато Аугусто («Бейцзин Гуоань»), Уолас («Ганновер»);
Шабуылшылар: Эвертон Соарес («Гремио»), Роберто Фирмино («Ливерпуль»), Габриэл Жезус («Манчестер Сити»), Малком («Барселона»), Неймар («ПСЖ»), Ришарлисон («Эвертон»).
МарселоЭдерсон, Габриэль Жезус және Миранда қыркүйек айындағы ойындарға қатыспаған еді. Олардың көмегінсіз Бразилия АҚШ-ты (2:0) және Сальвадорды (5:0) жеңген болатын.
Осы жолы құрамаға алғаш рет Малком, Пабло және Уолас секілді ойыншылар шақырылып отыр.
Бразилия 12 қазанда Сауд Арабиясымен, 16 қазанда Аргентинамен кездеседі.