Ағылшын премьер-лигасында өнер көрсететін Ришарлисон Бразилия құрамасына шақырту алды. "Эвертон" сапында өнер көрсететін 21 жасар жас талантты шабуылшы "Флуминенсе" ойыншысы Педро Абреудің орнына келеді. Ол шабуылшы жарақат алып қалыпты.
Бразилия құрамасы қыркүйек айында АҚШ пен Сальвадор құрамаларына қарсы матчтар өткізеді.