Жарнама
Жарнама

Бразилия құрамасы Америка Кубогіне қатысудан бас тартты

06.06.2021, 04:19
Аталмыш турнир 13 маусымда өз шымылдығын түрмек.
Жарнама
Жарнама

Бразилия ұлттық құрамасы 2021 жылғы Америка Кубогіне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды AS басылымы.

Мамыр айында турнир Аргентинадағы жаппай наразылық пен пандемия жағдайының нашарлауына байланысты Бразилияға ауыстырылған еді. Америка Кубогі 13 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.

Дереккөздің хабарлауынша, Бразилия құрамасының ойыншылары футбол федерациясының басшылығымен турнирді кейінге қалдыру туралы мәселені талқылап, бұл шешімге наразы екендіктерін білдірді. Әңгімеден кейін ойыншылар турнирге қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл елдің футболшылары турнирдің Бразилияда өткенін қаламайды. Себебі бұл аумақта да короновирус өршіп тұр.

Одан бөлек, Бразилия құрамасы басқа командаларды да осы турнирге қатыспауға үгіттеп көрмек.

Бұған дейін Бразилия құрамасының бас бапкері Тите команда ойыншыларының турнирге қатысқысы келмейтінін растаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров