Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов: Қазақстан чемпионатына алғаш рет келгендер арасында танымал ойыншы жоқ

28.02.2025, 16:34

Болат Есмағамбетов Қазақстан премьер-лигасына келген легионерлер туралы пікірін айтты. Белгілі бапкердің айтуынша, жаңа ойыншылар арасында танымал футболшы жоқ екен.

"Астана" - "Ордабасы" кездесуі
Жарнама
Жарнама

«ҚПЛ-ге осы маусымда келгендердің арасынан ауыз толтырып айтарлықтай легионерді айта алмаймын. Премьер-лиганың бір клубынан екіншісіне ауысқандар болды, бірақ Қазақстан чемпионатына алғаш рет келгендер арасында танымал ойыншы жоқ. Әдетте біздің клубтар жаңа футболшы сатып алмайды, тек еркін агент іздейді. Ал арзанның жілігі татымайтынын барлығымыз да білеміз. Енді ҚПЛ-ге келгендердің қалай бейімделе алатынын көрейік», - деді Б. Есмағамбетов.

Жалпы биыл премьер-лигада 36 елдің футболшылары доп тебеді. Жоғары дивизионда ойнайтын 14 команданың құрамында 113 шетелдік ойыншы бар. ҚПЛ-2025-тің бірінші туры ертең басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров