Жарнама
Жарнама

Богдан Мару: "Астана - Атлетикомен тең түскенде қатты таңданғанмын!"

19.06.2019, 01:07
Жарнама
Жарнама
"ЧФР Клуж" клубының директоры Богдан Мару DigiSport.ro сайтына берген сұхбатында "Астана" туралы пікірін білдіре кетіпті. "Жеребенің алдында мен тек "Астана" және "Црвена Звезда" командаларына тап болсмасақ екен деп отырдым.  Бізге қолайлысы "Лудогорец" еді. "Астана" жыл сайын тұрақты түрде Еуропа лигасында ойнап жүрген команда. Кезінде өз алаңында "Атлетикомен" тең түскенін де білемін. Бізді алыс жолмен қоса жасанды алаңда ойнайтын боламыз. Сырт алаңдағы матч клуб үшін өте маңызды. Егер келесі кезеңге өтіп жатсақ, жақсы болар еді. Қазір біздегі бар ақпарат аз. Алдағы уақытта тағы да "Астана" туралы мәліметтер іздестіреміз". Естеріңізге сала кетейік, "Астана" - "ЧФР Клуж" арасындағы алғашқы матч 9 не болмаса 10 шілде күні Астанада өтеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров