2024/25-жылғы футбол маусымы: Еуропаның топ-лигаларының алтыны кімге бұйырады?
Еуропаның биылғы футбол маусымы интрига мен тартыс тұрғысынан барлық рекордтарды бұзуда. 2024/25-жылғы доп додасы барлық біріншілікте бірдей сұрапыл өтіп жатыр – чемпиондыққа деген талас англияның тұманды алаңдарынан францияның жалынды ареналарына дейін қызу өтуде. Әр лига тосынсыйларға толы және букмекерлер қазірдің өзінде фавориттердің мүмкіндіктерін таразылап жатыр.
Еуропаның топ-5 чемпионаттарының алтыны кімге бұйыруы ықтима? Бөлістік.
Ағылшын Премьер-лигасы: алыптар айқасы
АПЛ-дің соңғы үш маусымының интригасы соңғы турларға дейін сақталып келген еді: командалардың арасын бірнеше ғана ұпай бөліп, әр матч шешуші мәнге ие болған. Бұл тенденция биыл да жалғасуы бек мүмкін және футболсүйер қауым «Ливерпуль» мен «Арсенал» арасындағы айқасқа куә болуы ықтимал.
Букмекерлер тап осы қос клубты бас жүлдеден басы үміткер санайды. «Ливерпульдің» алтыны 1.40 коэфициентпен бағаланса, лондондықтардың жетістігіне – 4.40 берілуде. Ал қалғандарының чемпиондығы 20.00 коэфициенттен басталады. Олардың қатарында соңғы 7 маусымның алтауында топ жарған (2017/18 ден 2023/24 жыл арасында)«Манчестер Сити де бар. Пеп Гвардиоланың командасы 2024-тің аяғын сүреңсіз өткізді – АПЛ-дің қараша аяғы мен желтоқсан басындағы 6 ойы қатарынан ұтылған болатын.
Осының арқасында «Ливерпуль» мен «Арсенал» талай уақыттан бері титулға қол созатын мүмкіндік алып отыр. Нақтылай түссек, «скаузерлер» соңғы рет АПЛ-де - 2019/2020, ал «канонирлер» - 2003/2004-ттің маусымында топ жарған.
2024/2025-жылғы маусым соңындағы тартыс тіптен қыза түспек. Оны Legalbet сайтының ««Беттинг-орталығынан» бақылауға болады. Сол жерден сіздер БК-ға қалай тіркеліп, «1хБет»- те шотты толтыру мен одан қаражатты қалай шығаруға болатыны туралы ақпараттарды ала аласыздар.
Испан Ла Лигасы: үш алыптың айқасы
Өткен маусымда мадридтік «Атлетико» 12 жылда алғаш рет біріншілікті үштіктің қатарында аяқтаған жоқ – топ-3-ке «Жирона» кірген. Алайда, қазір мадридтіктер көшбасында келеді, ал олардың қатарынан 8 бәсекедегі жеңісі көпшлікті қайран қалдырған. Гемблинг-платформалар тегіннен команданы биылғы бәсекедегі басты фавориттің қатарына қосып отырған жоқ – «Атлетиконың» жеңісі 4.00 коэфициенттен басталуда.
Бірақ, букмекерлік кеңселердің пікірінше, «Реал» мен «Барселонаның» мүмкіндігі көбірек екен. «Реалдың» топ жару мүмкіндігіне берілген бәс 1.80-нен басталса, каталондықтардың жетістігі - 3.70-тен басталады.
Италияда да испанияға ұқсас жағдай. Бас жүлдеден басты үміткер үш команда:
Италияның А Сериясы: үш клуб пен жалғыз алтын
«Интер». Былтырғы чемпион қарқынын басар емес және қатарынан екінші рет топ жаруға жақын. Миландықтардың жетістігіне берілетін коэфициент 1.60-тан басталады
«Наполи». 2023/2024-жылғы сәтсіз маусымнан кейін (10-орын) неапольдіктер бас бапкерін алмастырған. Антонио Контемен команда ілгері басып, қазір «Интермен» үзеңгі қағыстырып келеді. Десе де, осының өзі букмекерлерді сендіре алмапты – «Наполидің» чемпиондығы 3.50-ден басталады. Жуырда ғана басты бәсекелесі «Аталантаны» 3:2-мен жеңсе де букмекерлік кеңселер неапольдік ұжымның жетістігіне күмәнмен қарауда.
«Аталанта». 2024 қыркүйегінің соңынан 2025-тің қаңтарының ортасына дейін «қара-ақтардың» жеңіліссіз сериясы 15 матчқа жалғасты. Ал Матео Ретеги А Сериясының үздік сұмергені атануы мүмкін. «Аталантаның» алтынына 5.70 коэфициенттен бастап бәс тігуге болады.
Неміс Бундеслигасы: «Бавария» тағы да үздік
«Байердің» былтырғы толағай табысынан кейін «Бавария» биыл фаворит мәртебесін қайтарып алды. Венсан Компани жаттықтырғалы мюнхендіктер сенімді көш бастаса, букмекерлер олардың чемпиондығына бек сенімді екен - 1.10 коэфицент беріп отыр. Бавариялықтарға бұл маусым үстемдік еткен дәуірінің өтпегенін дәлелдейтін кезең.
Бірақ, «Байер» бұған мойынсұнатын емес. Чемпиондықтың котировкасында екінші келеді (6.30) және өткен маусымның жетістігін қайталауға тырысатыны анық.
Францияның Лига 1: дәстүрлі чемпион
Мұнда интрига аздау. «ПСЖ» даусыз фаворит болып қала беруде. Париждіктер Килиан Мбаппе кеткеннен кейін де Лига 1-де үстемдік етіп отыр. Олардың чемпиондығына берілген коэфициент 1.04-тен басталады. Басты бәсекелесі – «Марсель», олардың жетістігі 15.00 коэфициенттен басталады.
Біздің серіктес: FONBET