![](https://sun9-2.userapi.com/c635103/v635103675/34e0e/5kR--eLFYsE.jpg)
"Аякс" футболшысы Абдельхак Нури өз-өзіне келді. Спортшы бір жылын комада өткізген. Дәрігерлер оның оянарына кепілдік бере алмаған екен деп хабарлайды eg ru сайтына сілтеме жасаған NUR KZ.
Жасы енді 21-ге келген спортшы әлі толық қалпына келмегенімен, туыстарын таниды. Ол барлығымен сөйлесіп, басын изеп отырады екен.
Нидерланды құрамасының жас ойыншысы матч үстінде есінен танып қалыпты. Бұл оқиға 2017 жылдың 8 маусымында автсриялық Инсбрук қаласында болған екен.
Тексеріс кезінде оның миына зақым келтіретін аритмияны анықтаған.
Дәрігерлер, тіпті, мидың қалпына келу мүмкіндігін жоққа шығарыпты. Бұұл жайғдайдың орын алуына олар тек бір пайыз ғана берген екен. Футболшылардың туыстары тек қана ғажайыпқа сенгендерін айтады.