Ресейлік танымал спорт журналисі Александр Тройцкий өзінің телеграмм-арнасында Бахтиер Зайнутдиновтың «Вальядолидке» жүзеге аспай қалған трансфері туралы айтты.
А. Тройцкийдің жазбасында стамбулдық клуб Қазақстан құрамасының футболшысына ерекше сенім артады делінген.
«Бахтиер Зайнутдинов «Вальядолид» сапына қысқы трансферлік терезеде ауысқан жоқ. «Вальядолид» «Бешикташқа» Зайнутдиновты жалға алу мен одан ары сатып алу бойынша ұсыныс жолдаған еді, алайда, түркиялық клуб оны қабыл алмады.
Бұған тиімді ұсыныс себеп болып тұрған сыңайлы. Ливиялық жартылай қорғаушы Эльмусратиді «Монакоға» 1 миллион еуроға жалға беру мен одан ары 11 миллионға сатуға байланысты трансфер түрткі болып отыр. Бұған тағы «Бешикташтың» жарақат алған ойыншыларын қосыңыз. Клуб басшылығы алаңның кез-келген бөлігінде доп тебе алатын Зайнутдиновсыз күрделі болады деп шешкен сыңайлы. Батека, Испания біріншілігін бағындыруға жазда аттанады деп сенеміз», - деді ресейлік спорт журналисі.
Осы маусымда Бахтиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасында «Бешикташ» сапында 9 ойында өнер көрсетті. Футболшының келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET