Беларусь елінің "Прессбол" сайты кеше елордада өткен УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы "Астана" - БАТЭ (3:0) ойынын былай қорытындылапты.
"БАТЭ мен Қазақстан командаларының кездесуі əдетке айналғандай: əр үш жыл сайын еурокубокта қарсылас атанып жүр. Ал ең ең бастысы осы матчтардың біреуі де біздің ұжым үшін сəтті аяқталған емес.
Бейсенбі күні Борисовтың командасы кең далалы елден осымен үшінші мəрте құр қол қайтуда. Осыған дейінгі өткен екі дуэль де "БАТЭ" үшін еуро додалардан шет қалумен аяқталған-ды. Ал биылғы жылы БАТЭ-нің жоғары жетістіктерге жету мүмкіндігі үш жыл бұрынғыдан да төмен секілді-сірə!" - деп жазды "Прессбол" сайты.
Шыңғысхан ДОСМҰХАМБЕТОВ
Біздің серіктес: FONBET