Жарнама
Жарнама

Беларусь біріншілігінің үздік сұрмергені «Тұранды» таңдады

07.01.2025, 11:15

Оралхан Өміртаев «БАТЭ» командасын тастап, ҚПЛ-ге қайтып оралды.

Оралхан Өміртаев "БАТЭ" сапында
Жарнама
Жарнама

Футболшының отанына оралатыны белгілі болған, алайда түркістандық команда екенін көпшілік болжаған жоқ. Себебі, Қазақстан құрамасының форварды ҚПЛ-дің алғашқы алтылығының қатарындағы командаға барады деген ақпарат тараған еді.  Десе де, Оралханның таңдауы Түркістан болыпты. Енді футболшы «Тұранмен» бірге БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындарында аттанбақшы. 

Айта кетейік, 26-жастағы шабуылшы өткен маусымды борисовтік клубпен аяқтады. «БАТЭ» жейдесіндегі 14 ойында 6 рет мергендік танытқан. Ал чемпионаттың басындағы ұжымы «Слуцкте» 13 кездесуде 4 гол салған еді. 

О. Өміртаев сондай-ақ, Қазақстанның «Шахтер», «Тобыл», «Атырау» мен «Ақжайық» секілді бірқатар командаларында доп тепкен болатын. 

«Тұран» биылғы маусымда ҚПЛ-ді 12-орынмен аяқтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров