Жарнама
Жарнама

Беларусь бапкері В.Жуковскийдің көзіне түскен жас футболшы кім?

Футболдан ел чемпионатының басталуына да бір жетіден аса уақыт қалды. ҚПЛ-дағы барлық клубтар құрамын әлдеқашан жасақтап, біріншіліктің алғашқы турына қызу дайындалып жатқанда Түркістанның «Тұраны» күтпеген жерден жас футболшы Еркебұлан Тойбековпен толықты.

Жарнама
Жарнама

Тараз футбол мектебінің түлегі «Каспий» командасының оқу-жаттығу жиынына келіп, жаңа маусымды ақтаулықтардың сапында Бірінші лигада өткізуді көздеген. Бірақ, Еркебұланның бағы жанып, Премьер-лиганың клубынан бір-ақ шықты. Бұл трансферге басты себепкер, «Тұран» ФК бас бапкері Виталий Жуковский екен. Беларусь маманы жас футболшының оқу-жаттығу жиынында ойынын көріп, Тойбековты өз командасына алдыртқан. Не болса да талантты аяқдопшыға Жуковскийдің көзі бекер түспегені анық. Білікті бапкер ел чемпионатында жас футболшының жұлдызын жағып, болашақ Бауыржан Исламхан, Байхтиер Зайнутдинов секілді тағы бір қазақ футболына жаңа есім әкеледі деп сенейік.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров