Жарнама
Жарнама

Бекзат Шадманов: Бас бапкер бәріне мүмкіндік беріп жатыр

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қызылжар» бүгін кезекті жолдастық кездесуін өткізді. Петропавлдық клуб Солтүстік Македонияның соңғы екі жылында чемпиондықты бермей келе жатқан «Струга» командасымен шеберлік байқасты.

Жарнама
Жарнама

Матч өте тартысты өтті. Тіпті, «Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Соған қарамастан отандастарымыздың жеңісті жұлып әкететін бірнеше мүмкіндігі болған еді. Бірақ, оңтайлы сәттерде Тоқтар Жаңғылышбай мен Тимур Мульдиновтер гол соғатын тамаша мүмкіндіктерін жіберіп алды. Шабуылда оң нәтиже болмағанымен «Қызылжардың» қорғанысы да сыр бермеді. Есеп 0-0. Жаңа маусым алдында теріскейлік клубты тізгіндеген беларусь маманы Александр Бразеевичтің ойын тактикасы жайында Бекзат Шадманов «Aladop» тілшісіне өз ойын білдірді.

«Бүгінгі матч қызықты өтті деп ойлаймын. Гол болмады өкінішке орай. Бастысы артқы шепте қателеспей, гол жіберген жоқпыз. Бапкердің тапсырмасын орындауға тырыстық. Бізге бұл ойында алыс пастармен ойнау керек деді. Өйткені, қарсылас жоғары прессинг жасап, барынша қысым көрсетті. Сондықтан, допты бірден шабуылшыларға жеткізуді көздедік. Және қазір командамыз әлі толықтай жасақталған жоқ.  Тағы да 3-4 ойыншы келетіні айтылды. Дегенмен, негізгі-қосалқы құрам деп бөліп жарып жатқан жоқ. Бас бапкер бәріне мүмкіндік беріп, кім қалай өзін көрсетеді соны бағамдап жатыр. Ең бастысы осы кезде жарақат алмай, маусымға тыңғылықты дайындықпен келу керекпіз»-деді «Қызылжар» қорғаушысы.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: