Жарнама
Жарнама

Бауыржан Исламхан «Ордабасыдан» кетті

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ордабасы» клубының ойыншысы Бауыржан Исламхан жаңа маусымда клуб ауыстырмақ. Оның шымкенттік командамен келісім-шарты аяқталып, еркін агент атанды. 

Жарнама
Жарнама

Батори Ордабасы сапында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысты. Талантты футболшы Қазақстаннан бөлек, Ресей, БАЭ біріншіліктерінде доп тепті. Келер жылы 32 жасқа толатын жартылай қорғаушы мансабын қай клубта жалғастыратыны әзірге белгісіз. Ол Премьер-лигада жоғары мақсат қойған командалардың бірін қарастырмақ. Оның үстіне Исламханның жалақысын елдегі біраз клубтың қалтасы көтермейді. Десе де, ұлттық құрама ойыншысына қызығушылық танытып жатқандар бар. Және ең бірінші кезекте Баториді Андрей Карпович өз командасында көргісі келеді. Келер маусымда жүлдеге талас жүргізуді көздейтін «Елімай» өткір пасымен ерекшеленетін жартылай қорғаушымен күшеймек ниетте. Шабуыл шебінде түрлі тактикалық өзгерістер жасауға да Исламхан таптырмайтын шебер футболшы. Мұнан бөлек, бұл трансферге «Тобыл» мен «Ақтөбе» де талас жүргізуі әбден мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров