Жарнама
Жарнама

Бауыржан Исламхан: "Бельгиямен болған ойында барынша тырысып бақтық"

10.06.2019, 23:23
Жарнама
Жарнама
Ертеңгі Сан-Мариномен болатын ойын қарсаңында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан баспасөз жиынына қатысып, журналистер сұрағына жауап берді. -Бауыржан Бельгиямен өткен матчқа қалай баға бересіз?  Еуропаның ғана емес əлемнің үздік ұжымдарының бірімен ойнау оңайға соқпады. Бірақ біз барынша жинақы қимылдауға тырыстық.  Баға беруден аулақпын. Қазір тек Сан-Мариномен болатын матч туралы ғана ойдамыз. -Жарақаттан салдарынан бірнеше ай алаңға шықпадыңыз. Ертең 90 минут бойы ойнауға əзірмін деп айта аласыз ба? Иə, қазір физикалық жағдайым қалыпты. Егер сəті түссе толық ойын өткізуге шамам жетеді. -Ал ертеңгі матчқа қатысты қалай ойлайсыз?  Жеңіске жетуге міндеттіміз деп ойлаймын. Қалған ештеңе айта алмаймын. Бұл маған емес бас бапкер жауап беру керек сұрақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров