"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры аясында "Ақтөбе" клубын қабылдады. "Мұнайшы" стадионында өткен кездесу 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды 33-минутта "Атырау" футболшысы Рафаэль Оспанов соқты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Максим Федин пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді. 73-минутта "Атырау" қақпасына тағы бір пенальти белгіленді. Бұл жолы Эрвен Мукам мүлт кеткен жоқ. Ойынның нүктесін 82-минутта Рифат Нұрмұғамет қойды.
Үш матчта да жеңістің не екенін білмеген "Атырау" турнирлік кестеде ең соңғы орынға тұрақтады. Ал Алексей Бага шәкірттері 2 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET