Жарнама
Жарнама

Басты мақсат – Ұлттар Лигасы арқылы Әлем Чемпионатының іріктеуіне дайындалу

26.06.2024, 19:04

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов пен Ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесов журналистермен кездесу өткізіп, сауалдарына жауап берді. Жиында сөз алған ресейлік маман команда алдына қойылып отырған мақсат-міндеттер жайына тоқталды.

Станислав Черчесов
Жарнама
Жарнама

«Мен Қазақстанға келгенімен қуаныштымын. Екі жылда екі рет болдым мұнда. Бұл жаққа үнемі қуана-қуана келіп тұрамын. Бұрындары тіптен қуана келісетінмін осы жаққы келуге. Енді футбол федерациясының Президентімен кездесіп, мәселелерді бірлесіп шешуге келістік. Осы бағытта біздің дұрыс қадам басатынымызға сенімдімін. Енді қысқа қайырсам, соңғы екі жылда Қазақстан В тобына шықты. Бұған дейін мұндай жетістік болмаған секілді, қателеспесем. Ал В тобының мүлде басқа деңгей екендігі өз алдына бөлек мәселе. Мен онда Ресей құрамасымен өнер көрсетіп көрдім, сондықтан онымен жақсы таныспын. Мұның барлығын не үшін айтып отырсың дейсіздер ме? Кез-келген спортшы керемет маусымнан кейін, жақсы бабында болғаннан кейін сәл болса да құлдыраудың болатынын жақсы біледі. Осы күнге дейін командамен екі рет жолықтық. Көп уақыт деуге келмейді. Әзербайжан құрамасымен өткен матчтан соң көрдім. Бәрібір Қазақстандық футболшылардың көкейінде іріктеуден қалған кішкене болсын бір жеңілістің, сәтсіздіктің салдары қалғандай. Мұның барлығын еңсеру үшін әрине уақыт керек. Менің түсінігімде, әркез өзіңнің құныңды білу керек. Қазірдің өзінде біздің белгілі бір орнымыз бар. Біз В тобындамыз. Айтпақшы, журналистермен қауымымен осыған дейін де жүздестік, сонда маған құраманы жасарту жайында сұрады. Жасарту үшін жасартуға бармаймыз. Өзінің орны бар, тәжірибелі футболшыларға сенім артылады. Ұлттық құрама деген әр 3-4 жыл сайын келісімшарт жасайтын клубтық деңгей емес. Құрамада сен қазір және осында дейтін принциппен жұмыс істейсің. Бұл жерде жас-кәрі дейтін емес, кім бабында, сол командада болады. Тағы да қайталап айтайын, бұл мүлде басқа деңгей. Аустрия мен Словенияның қалай ойнап жатқанын көрдіңіздер Еуропа чемпионатында. Мен оларды арнайы қарадым. Норвегия да жақсы команда. Сол себепті бізді күрделі кездесулер күтуде. Түсінікті, біз спортшымыз. Турнир болған соң сен әрдайым ең биік межені бағындыру деп мақсат қоюың керек. Аустрия мен Словения дәл қазір бабында. Мүмкін, Ұлттар Лигасында бабы сәл болсын қайтатын шығар, соны пайдаланып қалу керек. Біз ең жоғары мақсат қоямыз. Ең бастысы, әрине футбол федерациясының президентімен талқыладық: В тобында мүмкіндігінше ең жоғары орындарды алуға тырысып көру керек. Жоқ дегенде сол жердегі орнымызды сақтап қалу дегендей. Ал ең басты мақсат – Ұлттар Лигасы арқылы Әлем чемпионатының іріктеуіне дайындалу», - деді С.Черчесов.

Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының В тобындағы мачтарын өткізеді. Ондағы қарсыластарымыз Аустрия, Словения мен Норвегия құрамалары. Станислав Черчесов жаттықтыратын біздің команда турнирдегі алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізбек. Бұл бәсеке Алматының «Орталық алаңында» өтеді деп жоспарланып отыр.    

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров