Жарнама
Жарнама

Басты фавориттер белгілі

2024 жылғы Қазақстан чемпионатында кімдер алтынға таласады?

Жарнама
Жарнама

Біріншіден фавориттер мәселесін ашып алғанымыз жөн. Әлбетте өткен маусымда чемпион атанған “Ордабасы” биыл да көшбасшы болатыны анық. Кез келген команда чемпиондық атақты қорғап қалуды аңсайды. Оның үстіне шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков клубқа биыл 4,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Ол аз десеңіз бұрыннан қордаланып қалған қарыздың барлығы жойылғанын мәлімдеді. 2026 жылға қарай жаңа стадион құрылысы да аяқталады деп сендірді. Демек, “Ордабасыға” биыл да билік тарапынан көп көңіл бөлінеді деген сөз. 

Асхат Тағыберген және Бауыржан Исламхан клубпен келісімді создырып тастады. Макаренко мен Беседин секілді ірі деңгейдегі екі легионер бар. Өзбекстан құрамасының ойыншысы Шахбоз Омаровтың да деңгейі жаман емес. Командаға хорватиялық қақпашы мен бразилиялық қорғаушы келіп қосылды. Александр Седнев енді командасына сұрмерген бір шабуылшы алса қатып кетейін деп тұр. Өйткені Садовский сондай бір тұрақты гол салатын ойыншы емес. Одан кейін Бобир Абдухоликов командадан кетіп қалды. Өзбек шабуылшысы “Насаф” командасының намысын қорғайтын болады. 

“Орда” ел чемпионатының фовориті екені даусыз. Ал екінші фаворит – “Астана”. Бұл ұжымның да бюджеті зор. Үнемі, чемпиондыққа таласатын команданың бірі екені айдан анық. Бапкер мәселесі ғана ақсап тұрғаны болмаса алаңға шығатын футболшылары әжептеуір деңгейде. Камара мен Осей Барнс деген екі ойыншы алды. Сонымен қатар, Марат Быстров та осы команданы таңдады. Екінші фаворит “Астана” екені айдан анық. 

Үшінші фаворит - “Тобыл”. Қостанайлық команда Папа Алиун деген екі метрлік жартылай қорғаушы алды. Ол әлемдегі бойы ұзын футблшы. Одан бөлек Аль-Мессауди деген Моркко құрамасының футболшысы келді. Алған легионерлері өте мықты. Милич Чурчич өткен жылғы мықты футболшыларды алып қалып, одан әрі күшейіп алды. Бұлар негізі басты назарды еурокубокке қояды. Сондықтан, ішкі біріншілікте чемпиондыққа ұмтылып, түбі чемпиондар лигасында ойнауды мақсат тұтады. Қазіргі жағдаймен қарасақ “Тобыл” чемпиондыққа таласа алатын жағдайда. 

Төртінші командамыз – “Қайрат”. Жастардан құралып, үнемі медальдан қағылып жүретін “Қайратты” “Арсеналмен” салыстыруға болады. Кирил Кеккер нағыз педагог ретінде жастарды жақсы тәрбиелейді. Ал Элдер Сантана мен Жоао Паулу екеуі биыл үздік сұрмерген атағына таласады. Ал Юлдошев секілді қорғаушылар жергілікті жастарға тәжірибие мен сенім берері белгілі. Ал қалған командаларды чемпиондыққа талсады деп айту қиын. “Қайсар" мен “Қызылжарды” немесе “Атырауды” бұл тізімге қосуға зауқымыз соғып тұрған жоқ.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: