Жарнама
Жарнама

БАРСЕЛОНАҒА КІМ КЕРЕК ЕКЕНІН ТАУЫП КӨРЕЙІН, БАРТОМЕУ АҚЫЛЫМДЫ ТЫҢДАСА...

27.07.2020, 20:37
Бастары былыққа батқан Барселонаны, Бартомеу қандай амалмен алып шығады? Төменге көз жүгіртіңіз.
Жарнама
Жарнама

Барселонаның қазіргі таңдағы ахуалы бәрімізге бірдей мәлім. Жанкүйерлердің ашуында түсінуге болады.Осындай Барселонаның қиын кезінде, Сетьенге ғана жүк толтырып қоюға болмайды. Көп кінәнің бөлігі Бартомеуде. Бартомеу мырза, президенттік тағынан тайғысы келмесе, құрамның азды-көпті бөлігін өзгерту керек.

Сетьеннің келгені кеше, оның "Реал Бетис"-пен істеген ерлігі айтуға тұрарлық. "Реал Бетис"-те бапкер болып жүргеніңде Барселонаға келсе жақсы болар еді деген ойлар санамда қаптады. Бұл санамда қаптаған ойдың себебі, азулы командалардың аузын аштыртпаған болатын. Ла Лигада Реал, Атлетико, Барселона клубтарын тұрақты жеңіспен көп аяқтайтын. Сондықтан, мен Сетьенге кәміл сенемін. Әр бапкерді алып, әкеліп арпалысып жүргенде Мессиде реніш көңілмен "Интер"-ден бірақ шықпасын. Сондықтан, шамалы үйреніскен, тіл табыса білген Сетьенге сену керек. Міне бапкер дайын.

Қорғанысқа келсек, Семедуді сатқысы келеді. Бұл жаңалықты естігенде, күлкім келген. Семедуді сатпау керек, ол шамалы шымырланса Дани Алвестен кем түспейді. Ал, Пикеден аттап өтіп, Ланглеге бірден көшейік. Өте ақылды, жақсы ойыншы. Бірақ, физикалық тұрғыдан әлсіздеу. Тодибо сәл тәжірибе жинаса, орнын тартып алатын секілді. Оны да сатпаса. Жорди Альба қалу керек. Барселона үшін жаралған ойыншы. Бірақ, жүйкені шаршататын кездеріде болады.

Орталық шепке көп әңгіме қажет емес.Пьянич келетін болыпты, бірақ Артур тәуірлеу еді. Амал нешік. Пьяничтің жоғарыдан әуелеткен пастары аяққа дәл барады. Бірақ, жас келген сайын шалалық пас көбейеді ғой, 2-3 маусым жақсы ойнап берсе, әрі қарай Барселонаға керек емес болады. Менің ойымша ылғи техникамен жиналған орталыққа, бір физикасы мықты ойыншы керек, Киммихті алса жақсы болар еді.Мінезді әрі жылдам, соңына шейін ойнайтын ойыншы.

Шабуылға кезек келді. Барселонаға Суареспен қоштасатын сәт келді.Оның орнына Гризманнды емін-еркін ойнату керек. Көп қысымсыз.Гризманн шашын алса, әлі ақ бұрынғыданда жақсы ойнап кетеді. Ал, қапталға келсек Неймар немесе Стерлинг. Екеуі де тамаша ойыншы. Бірақ, Неймар көп жарақат алады. Демек, Стерлинг дейін десем, Мәкең Неймарды сағынып қалыпты. Болмаса Стерлинг тиімді еді.

Сіз тағы қандай ой қосасыз, кім керек, кім кету керек, пікірге жаза кетіңіз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров