Бүгін "Барселона" ресми сайтында Эрнесто Вальверденің қызметінен кеткенін хабарлады. 55 жастағы маман Каталония ұжымына 2017 жылы келіп, осы аралықта 2 рет Ла Лигада топ жарып, Испания Кубогі мен Суперкубогін иеленген-ді.
Енді блаугрананы Кике Сетьен баптайды. 61 жастағы маманмен еңбек келісім-шарты 2022 жылға дейін жарамды.
Сетьен 2017 жылдан бері "Бетис" командасын жаттықтырған. Сонымен қатар, "Расинг", "Полидепортиво", Экваториальды Гвинея құрамасын, "Луго", "Лас-Пальмас" ұжымдарын жаттықтырған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET