Испанияның "Marca" басылымы "Барселона" басшыларының 21 жастағы "Эвертон" шабуылшысы Ришарлисонды жазғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде сатып алғылары келетінін хабарлайды. Осылайша, "блауграна" шабуыл шебіндегі ойыншыларды біршама жасартып қана қоймай күшейтпек ниетте. Бразилия құрамасының ойыншысын алу үшін "Барселона" 50 млн. еуродан артық қаражат жұмсауы ықтимал. Өйткені, өткен жылы ғана Ришарлисонды "Уотфордтан" "Эвертон" 39,2 млн. еуроға сатып алған-ды.
Егер трансфер ойдағыдай өтсе, Ришарлисон Еуропа елдерінен болмағандықтан лигионер ретінде тіркеледі. Яғни, каталониялық клубқа өзге легионерлерінің бірін сату керек болады. Көптеген мамандар бұл тізімде Луис Суарестің бар екенін жиі айтып жүр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.