![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/07/ноу-камп-480x284.jpg)
Каталондық клуб өзінің стадионын 2021/2022 жылғы маусымға қайта жөндеуден өткізуді жоспарлауда.
Marca-ның хабарлауынша, "Барселона" шығындарын жабу мақсатында демеуші тартып, 2019 жылдың басынан стадион атауына демеушінің атын береді.
Каталондық клуб демеушілік келісім-шарттан 300 миллион еуродан кем емес пайда таппақшы екен. Демеуші компания Азия немесе Америка құрлығының өкілі болады деп күтілуде.
Клуб басшылығының ұйғарымы бойынша, "Ноу Камптың" атауын өзгерту клубтың қаржылық жағдайын жақсартуға зор мүмкіндік болады екен.