Жарнама
Жарнама

"Барселона"-"Ливерпуль": матчтан кейінгі қызықтар!

02.05.2019, 21:11
Жарнама
Жарнама
"Барселона" мен "Ливерпуль" алғашқы Чемпиондар лигасының жартылай финалдық матчын артта қалдырды. Енді жауапты ойынға Вальверде командасы 3:0 есебімен жеңген ұжым ретінде бармақ.  Тартысқа толы ойын аяқталысымен қызықты фактілер мен таңдай қақтырарлық статистикалық көрсеткіштердің шеті шықты. Негізі бұл ойынның нүктесін Лионель Месси қойды деп сеніммен айтуға болады.  Себебі: 1. "Ливерпульмен" болған матчта жасаған дубльдің арқасында Лео өз мансабындағы 600- голын салды. Тағы бір қызық жайт, Месси өзінің алғашқы голын тура 14 жыл бұрын, яғни 2005 жылдың 1 мамыры күні "Альбасете" командасының қақпасына соққан екен. Содан бергі голдар үлесі мынандай: Чемпиондар лигасында- 112, УЕФА Суперкубогында- 3, клубтар арасындағы Əлем чемпионатында- 5, Испания чемпионатында - 417, Испания Кубогында- 50, Испания Суперкубогында - 13. Міне, бас-аяғы 14 жылда 600- гол соғу деген миллионннан бір футболшының басына қонатын бақ болар. Енді барлық голдар көрсеткіші бойынша Лео мен Криштиану теңесті.  2. Месси осымен Чемпиондар лигасында 32 клубтың қақпасына гол салды. Бұл көрсеткіш бойыша Лео әзірге екінші орында. Алайда, көш басындағы "Реал" шабуылшысы Рауль Гонсалес Бланконы басып озуға Мессидің толық мүмкіндігі бар. 3. "Барселона" Чемпиондар лигасында қатарынан 32 матч ұтылмай келе жатыр. Оның 29-ында жеңсек, тек 3 ойында тең түскен. 4. Луис Суарес "Барсаның" турнир тарихындағы 500-голының авторы атанды. Бұл көрсекіште де "блауграна" екінші келе жатыр. Бірінші орында  551 голмен Мадридтің "Реалы" келе жатыр. 5. Өзінің бұрынғы командасы "Ливерпульге" гоғылған гол Луис Суарес үшін "қарт құрлық" бәсекелеріндегі (Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы) 42 нәтижелі соққы болып отыр. Яғни, аталған көрсеткішпен турнир тарихындағы ТОП-40 шабуылшының қатарына енді. 6. "Ливерпуль - Лионель Месси гол соққан 6 ағылшын клубы атанды. Осыған дейін аргентиналық шабуылшы Арсеналға - 9, "Манчестер  Ситиге" - 6, "Ман Юнайтедке" - 4, "Челсиге" - 3, "Тоттенхэмге" - 2 голдан салса, енді "Ливерпуль" қақпасын да 2 рет дәл көздеді. 7. Месси ағылшын клубтарының қақпасына 26 голын салды. Ал осы нәтижені тіркеу үшін 31 жастағы сұрмергенге 23 ойын қажет болған. Яғни, орта есеппен ойын сайын бір голдан артық соқты деп топшылауға болады. "Арсенал", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Челси" және "Тоттенхэм" сынды ТОП клубтарға гол соғудан Мессидің алдын орап келе жатқан тек 2 қана футболшы бар. Олар: Серхио Агуэро - 43, Джейми Варди - 31 гол болса, Лионель 26 голмен үшінші сатыда. Ал Леодан кейін төртінші саты да Питер Крауч - 23 голмен, Харри Кейн - 22 голмен із қуып келеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров