«Барселона» клубының қыздары Шымкенттегі ойыннан кейін жаппай ауырып қалды
15.09.2018, 22:17
Жарнама
Жарнама
Әйелдер арасындағы Испания чемпионатының екінші турында «Барселона» мен «Леванте» кездесуі өткен жоқ. Өйткені, «Барселона» клубының футболшы қыздары ауырып қалған. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Осы аптада «Барселона» УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалында «БИІК-Қазығұртпен» кездесті. Шымкентте ойында қазақстандық команда 3:1 есебімен жеңіске жеткен.
Қазақстандағы ойыннан кейін үйлеріне оралған «Барселона» клубының ойыншыларының жаппай асқазандары ауырған. Яғни гастроэнтеритке ұшыраған.
Жедел Гастроэнтерит шұғыл басталады. Оның бастапқы белгілері гастритке өте ұқсас. Бас ауырады, дене қызуы көтеріледі, ерінге ұшық шығады, жүрек соғуы жиеленіп, науқас есінен танып қалуы да мүмкін. Сосын құсу, іш өту (диарея), ішектің түйіліп ауруы қосылады.
«Барселона» мен «Леванте» кездесуі енді кейінге қалды. Әзірге қашан өтетіні белгісіз.
Ал «Барселона» мен «БИІК-Қазығұрт» арасындағы қарымта ойын 26 қыркүйекке жоспарланған.