Жарнама
Жарнама

"Барселона" Артуро Видальмен келісім шартты ұзартпақ

23.04.2019, 21:24
Жарнама
Жарнама
"Sport.es" порталының мәліметіне сүйенсек, клуб басшылығына Артуромен тағы бір маусымға келісім шарт жасап, оны 2021-22 жылға дейін созуды жөн санап отыр. Осылайша, "Барселона" өткен жылы ғана қатарға қосылған жартылай қорғаушынының жазда тегіннен-тегін басқа клубқа кеткенін қаламайды. Оның үстіне чилилік ойыншының қазіргі қарқыны бас бапкер Эрнесте Вальверденің көңілінен шығып-ақ жүрген көрінеді. Бір жағынан Видальдың өзі болса маусым басындағыдай алаңда аз уақыт ойнап жүрмін дегендей наразылық танытуын да қойды. Артуро Видаль биылғы мауымда 28 (оның 18-ін негізін құрамда) ойында алаңға шығып, 2 гол салып, 5 нәтижелі пас берген.

  Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров