Жарнама
Жарнама

Бапкер Нұрдәулетовты Благоевичке теңейтін “Мақтааралдың” бразилиялық қорғаушысы Шымкенттегі өмірі жайлы айтып берді

17.10.2023, 22:35
2023 жылдың қысқы трансферлік ауысымда қазақстандық клубтың қатарын Чарльстон есімді бразилиялық қорғаушы толықтырған болатын. Соған орай, meta-ratings тілшісі Әлім Дінасылов 27-жастағы футболшымен сұқбаттасып, оның жаңа командадағы адаптациясын сұрап өтті.
Жарнама
Жарнама



- Чарльстон, сен футболдағы спорттық мансабынды “Ресифе” командасында бастадың. Одан ұ, бразилиялық “Портудың” намысын қорғауға келістің. Біршама уақыт өткеннен кейін “Царское Село” ұжымына ауыстың. Еуропадан саған ұсыныс қайдан келді?


- “Царское Село” – менің Еуропадағы алғашқы командам. Болгарияға қоныс аударымын деп басында ойламадым. Бұл команданың ұсынысы маған тосын-сыйдай көрінді. Бірақ бар мәселе өз толқынымен шешіліп, барлығы жақсы болды. “Царское Село” командасындағы бразилиялық ойыншылар менің жаңа біріншілікке тез бейімделуіме көмектесті.


- Болгариядағы тәжірибеден кейін сен Солтүстік Македония, Румыния және Венгрия шаһарларының чемпионаттарында өнер көрсетіп қайттың. Осылардан кейін сенің өмірінде “Мақтаарал” клубы қалайша тап болды?


- Қазақстандық командадан ұсыныс келгенін өз агентімнен білдім. Шынын айтсам, сол сәтте мен қандай клубқа бара жатқанымнан хабардар болмадым. Алайда маған ұсыныс жасаған ұжымның мықты чемпионатта бақ сынасатынына сенімді болдым.


- Қазақстанға қоныс аударудағы мақсатын жайлы айтып өтші. Ел біріншілігінде өнер көрсететін бразилиялықтармен байланыс орнаттың ба?


- Мен Венгрия чемпионатына маусымның бел ортасында ауыстым. Ойын сайын мазалаған жарақаттар менің ол жақта бастапқы құрам ойыншысы ретінде қалыптаса алмайтындығымды көрсетті. “Мақтааралға” ойын тәжірибесін арттыру үшін ауыстым. Бір жылдары атақты бразилиялық футболшы Вагнер Лав алматылық “Қайратта” доп тепті деген жаңалықтар желдей ескен болатын.


- Қазақстан футболы мен Шығыс Еуропа футболының айырмашылығы бар ма? Жалпы ішкі біріншіліктегі бәсекелестік деңгейін бағалап көрші.


- Шынымды айтайын, Шығыс Еуропа мен Қазақстанның футболында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Екі жақта да сапалы әрі қарқынды ойындар өтіп жатады.


- ҚПЛ қандай ұжымдары сені таңғалдырып жатыр?


- Көбінде мен “Ақтөбе”, “Ордабасы”, “Астана”, “Қайрат” және “Тобыл” командалары таңғалдыруда. Бұл командалардың ойындарында үнемі стадионда ине шаншар орын қалмайды екен.


- Венгрияның “Дебрецен” командасында өнер көрсеткенде сені “Каспий” мен “Астананың” экс-бапкері Срджан Благоевич жаттықтырды. Қазақстанға келерінде сербиялық маманнан ақыл сұрадың ба?


- “Дебреценнен” кетіп қалғаннын өзінде де мен Қазақстанға келерімді білмедім. Бірақ Благоевич өте мықты бапкер және бойында жақсы қасиеттер қалыптасқан тұлға.


- “Мақтааралдың” қазіргі бапкерін Срджан Благоевичпен салыстыра аласың ба? Екеуінің ойын мәнерінде өзгешелік бар ма?


- Қос бапкерде өзінше мықты. Екеуінің ойын стилі бір-біріне келеді. Олар өз командасының қарқынды көп сәттерде допты өзінде ұстай білегенін қалайды. Қазірде Қайрат Жұмабекұлы жақсы жұмыс атқаруда. Мен бұл бапкердің жарқын болашағына сенемін.


- Қайрат Нұрдәулетов ҚПЛ ішкі біріншілігінің кезекті ойынынан кейін, чемпиондыққа таласатын “Ақтөбе” командасының өнерін “Мақтаарал” ұжымынан ары аспағанын айтқан болатын. Соған келісесің бе?


- “Ақтөбе” – ел командалары ішіндегі ең үздік ұжымдардың бірі. Бірақ “Мақтаарал” турнирдің түбінде қалып қойғанымен, “Ақтөбеге” қарсы қос ойында тең дәрежеде өнер көрсете алды десем қателеспегенім.


- “Мақтаарал” тізгініне Нұрдәулетов келісімен команда жақсы нәтиже көрсете бастады. Бапкер нақты нені өзгертті?


- Қайрат Жұмабекұлы ең бастысы команда футболшыларының еркін ойнауына мүмкіндік берді. Олардың өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізді.


- Шымкент пен Түркістан қалалары жайлы не айта аласың? Еліміздің оңтүстігінде өмір сүру қандай екен? Мүмкін мемлекеттік тілде сөйлеуді өз бойына сіңіріп жатқан шығарсың?


- Тілді үйреніп алу маған қиынға соғуда. Бірақ бағыма орай, командаластарым мені жылы шыраймен қарсы алды. Олар маған әр кезде көмектесуге дайын. Шымкент пен Түркістан маған ұнады. Әсіресе бұл жақтың ауа-райы қолайлы екен.


- Сенің командадағы келісімшартын осы жылдың аяғында аяқталады. Қазақстанда қала беретін ойын бар ма?


- Әлбетте. Маған ішкі чемпионат, ел, бұл жақтағы командалардың барлығы ұнады. Қазақстанға қоныс аудару арқылы жаңа достар таптым. Келесі жылы да “Мақтааралдың” намысын қорғауға дайынмын.

Аударған: Мұхаммедқали КӨБЕЕВ





Жарнама
Жарнама

Новости партнеров