Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.
Бұдан былай қызылордалық клуб жаңа маусымда легионерсіз, нақты айтқанда, 100% қазақстандық ойыншылармен өнер көрсетеді. Айта кетейік, Сырдың бас командасы қазір Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. «Дала қасқырларының» сапында черногориялық Горон Милойко, Иован Пайович, беларусь Василий Совпел мен Руслан Юденков, өзбекстандық Шохназар Норбеков секілді футболшылар жаңа маусымға дайындалып жатқан. Енді басқарма басшысының бұл мәлімдемесінен кейін аталған легионерлер басқа команда іздеуіне тура келетін секілді.
Сонымен қатар, бүгін Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев «Қайсардың» жаңа басшысы Талғат Әбдіғаппарұлын клуб ұжымына таныстырды.
Біздің серіктес: FONBET