Жарнама
Жарнама

Бахтиер Зайнутдиновтың Испания біріншілігіне ауыспауының негізгі себебі анықталды

Бүгін, 10:58

Испаниялық Todofichajes.com. порталы «Вальядолид» клубының Бахтиер Зайнутдиновты жалға алу жөнінде нақты ұсыныс жолдағанын мәлімдеді.

Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында
Жарнама
Жарнама

Испаниялық команда басшылығы Қазақстан құрамасының футболшысы арқылы қорғаныстың сол қапталын күшейтуді көздеген екен, алайда, қос тарап ақыры ортақ мәмілеге келе алмаған депті испаниялық тілшілер. 

«Пуселанос» жеңілуін әлі де жалғастыруда және қазір жоғары дивизионнан ұшатын басты үміткердің бірі саналады. Диего Кокконың келуімен жағдай түзелген жоқ. Басшылық енді бұл мәселені кеңседе шешуге тырысуда.

Күнтәртібіндегі негізгі мәселе сол қапталды күшейтумен байланысты болуда әрі қазақстандық ойыншы дәл осы позицияны жабуға тиімді болады. «Вальядолид» «Бешикташқа» жалға алу жөнінде ресми ұсыныс жолдаған және жақын арадағы бірнеше сағат футболшының болашағын анықтауда шешуші маңызға ие.

Стамбулдық команда оны жіберуге қарсы емес, алайда, сатып алу пунктінің қосылуы трансферді тежеуі мүмкін», - делінген басылымның жазбасында.

Осы маусымда Бахтиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасында 9 ойында өнер көрсеткен еді. Футболшының келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров