Ұлттық құраманың көшбасшысы және Мәскеулік ЦСКА клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов алдағы матчтарда Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды.
Бахтиер Черногорияға аттанған футболшылар тізімінде жоқ. Футболшы Ұлттар лигасының Албания мен Литваға қарсы матчтарында да көмектеспеуі әбден мүмкін.
ЦСКА клубының медициналық штабы Зайнутдиновқа демалыс беруді сұраған. Ал клубтың бапкерлік құрамы ойыншыны ұлттық құрамаға шақырмауын өтінді. Еске салайық, қазақстандық футболшы «Ростовпен» кездесуде басынан қатты соққы алған еді.
Черногориямен болатын жолдастық кездесуге екі-ақ күн қалды. Бұл матч Ұлттар лигасының алдындағы сынақ матчы болады. 15 қарашада Қазақстан Албаниямен, ал 18 қарашада Литва құрамасымен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET