Жарнама
Жарнама

Бағдат Қайыровтың голы – Премьер-лиганың он тоғызыншы турының үздігі

25.07.2018, 18:01
Жарнама
Жарнама
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың он тоғызыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді. Өткен турда жанкүйерлер 14 голдың куәсі болды. Оның екеуі пенальтиден, біреуі - автогол. Сауалнама дәстүр бойынша Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» желісіндегі @pflkaz тобында жарияланды. «Ақтөбе» қорғаушысы Бағдат Қайыровтың соққан голын жанкүйерлер үздік деп санады. Ақ-қызылардың қорғаушысы «Жетісу» қақпасына баспен гол соғып, есеп ашқан болатын. Сауалнама қорытындысы бойынша ол 2522 дауыс жинады.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Бағдат Қайыров голы (Жетісу – Ақтөбе) – 2522 дауыс;
2. Темірлан Ерланов голы (Ордабасы – Қайрат) – 459 дауыс;
3. Дору Попадюк голы (Тобыл – Ертіс) – 80 дауыс.
Бағдат Қайыров голы «Шілде айының үздік голы» сауалнамасына қатысады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров