Жарнама
Жарнама

Азия ойындарын жеңген Сон Хын Мин әскерге шақырылудан құтылды

02.09.2018, 16:36
Жарнама
Жарнама
Оңтүстік Корея құрамасы мен "Тоттенхэмнің" ойыншысы Сон Хын Мин әскер қатарына шақырылмайтын болды. Оңтүстік Корея құрамасы Азияда-2018-дің финалында Жапония құрамасын жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Корея құрамасының сапында "Тоттенхэмнің" жартылай қорғаушысы Сон Хын Мин өнер көрсетті. Осылайша, 26 жасар ойыншы басқа да құрамадағы әріптестерімен қатар, әскерге шақырылудан құтылды. Оңтүстік Кореяда 28 жасқа дейінгі ер адамдар 21 ай әскерде қызмет етулері тиіс. Алайда, Олимпиада ойындарының жүлдесі, Азия ойындарының алтын жүлдесі сынды спорттағы жетістіктер әскери борышкерліктен құтқарады екен.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров