"Челси" Эден Азарды қатарында сақтап қалғысы келсе, АПЛ-де үздік төрттіке кіру керек немесе Еуропа Лигасын жеңу керек.
The Sun-ның хабарлауынша, ақсүйектер Азарға 5 жылдық келісім-шарт ұсынады. Ол бойынша бельгиялық ойыншының апталық жалақысы 300 мың фунт болады. Бірақ, Азар лондондық клуб сапында ұзақ мерзімге қаларына күмәнді көрінеді. Егер "Челси" келесі кезеңде Чемпиондар Лигасына қайта оралар болса ғана бельгиялық жұлдыздың бұл күмәні сейіледі екен.
27 жасар ойыншыны ұзақ уақыт бойы "Реал" сапына ауысады деген ақпараттар жиі таралып келеді. "Челсидің" бас бапкері Маурицио Сарри шабуылшының "Челсимен" жаңа келісімге келуі үшін барын саларын жеткізген болатын. Ал, Азар жаңа маусымның алғашқы екі кездесуін "Челсидің" қосалқы құрамында бастады.