Жарнама
Жарнама

Азамат Айтқожин: "Астана" лайықты жеңіске жетті

19.07.2018, 07:26
Жарнама
Жарнама
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин "Астананы" "Сутьескаға" қарсы ойындағы жеңісімен құттықтауын федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
- "Астана Аренадағы" черногориялықтарғы қарсы ойындағы минималды есеппен жеңісінен кейін, біздің ұжым қарсыластың алаңындағы қарымта ойын оңай түспейтінін түсінді. Алайда Қазақстан чемпиондары бұл ойынға тыңғылықты дайындықпен шығып лайықты жеңіске жетті. Басқа клубтарымыз да жеңісті жолды жалғастырып, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі жеңістерімен барша Қазақстанды қуантарына сенім білдіремін. "Астананы" жеңісімен құттықтаймын және болашақта да табыс тілеймін! - деді ҚФФ-ның бас хатшысы Азамат Айтқожин.
.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров