Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин Франция құрамасына қарсы өткен матч туралы өз ойын білдірді.
- Бүгін біз әлем чемпиондарына қарсы жақсы ойнадық. Жігіттер өз елі үшін күресті. Зайнутдинов, Шомко, Исламхан, Логвиненко, Щеткин, Сүйімбаев секілді көшбасшы ойыншылардың жоқтығына қарамастан керемет ойнады. ⠀
Алайда, бұл жеңілістің басты себебі емес, өйткені қазір біз жастарға мүмкіндік беріп отырмыз. Мұны Самородов, Астанов және Кәрімовтың дебюттері растайды. Команданы жаңартатын және жасартатын уақыт келді. ⠀
Сонымен қатар маған барлығы қарсыласты, яғни Франция құрамасын қолдап, Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жанкүйер болмағандай көрінді. Бұл футбол комментаторларына да қатысты.
Біздің серіктес: FONBET