Жарнама
Жарнама

"Аякс" неге Маттейс де Лигті сатудан бас тартып отыр?

05.07.2019, 03:18
Жарнама
Жарнама
Бүгін таңертең Туриннің "Ювентусі" - "Аякс" қорғаушысы Маттейс де Лигті сатып алу жөнінде ресми ұсыныс жіберген болатын. Ал санаулы сағаттар өткен соң Амстердам клубы де Лигті сатудан бас тартатынын хабарлапты. Себебі, "Ювентус" 19 жастағы "Аякс" капитаны үшін 65 млн. еуро және 10 млн. қосымша төлемақы ұсынған. Ал Голландия клубы жас футболшыны кем дегенде 75 млн. еуродан арзанға сатқысы жоқ. Өйткені, "Барселона" бұған дейін аталған бағаны ұсынуға дайын екенін аңғартқан еді. Яғни, "Аякс" басшылығы "ескі сеньораның" бұл ұсынысын тиімсіз деп санап отыр. Демек, "Барселона" да бұл трансферден әлі үмітін үзген жоқ деген сөз. Айта кетейік, де Лигт өткен маусымда Нидерланды біріншілігінде 33 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Ал Чемпиондар лигасы аясында 17 матқа қатысып, 3 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров