Жарнама
Жарнама

«Аякс» кезекті көшбасшысынан айырылғалы тұр

08.08.2019, 04:35
Жарнама
Жарнама

Осы жазғы трансферлік кезеңде біраз мықты ойыншыларымен қош айтысқан Амстердам клубы тағы бірнеше футболшысын сатуы бек мүмкін.

«Аякстың» марокколық жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш Мюнхенннің «Бавариясына» ауысуы әбден мүмкін. Бұл туралы Algemeen Dagblad порталы хабарлап отыр.

Неміс чемпиондары Зиешті жақында ғана командадан кеткен Франк Риберидің орнын басатын ойыншы ретінде қарастыруда. "Бавария" осы ауысымды жазғы трансфер терезесі жабылғанға дейін бітіруге тырыспақ. Ал " Аякс" басшылығы 26 жастағы вингерді 50 миллион еуродан кем бағаға сатпайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, Зиешке «Бавариядан» бөлек, АПЛ мен А Сериясында өнер көрсететін топ клубтар қызығушылық танытып отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров