Жарнама
Жарнама

«Атыраудың» бас бапкері: негізінен қазақстандық футболшыларға арқа сүйейміз

Бүгін, 10:07

«Атыраудың» бас бапкері Константин Горовенко маусым алдындағы дайындық пен командасының жасақталуы жайлы айтты.

Жарнама
Жарнама

«Мұнайшылар» да ҚПЛ-2025-те басымдықты отандық футболшыларға беретін көрінеді.  

«Қазір бізде келісімшартта бір легионер бар – Матеус Барбоза. Қаралымда бірнеше ойыншы жүр. Қаржылық жағдайға байланысты дәл қазір сырттан футболшы тартатын мүмкіндік жоқ, легионер көп болмайды, ары кетсе үшеу шығар. Қазір қаралым мен селекциялық жұмыстар жүруде. Бүгінде орталық шабуылшы мен орталық қорғаушы іздеп жатырмыз. Негізінен қазақстандық футболшыларға арқа сүйейміз», - деді «Атырау» бас бапкері.

Айта кетейік, осыған дейін қызылорданың «Қайсары» да алдағы маусымды легионерсіз өткізетінін мәлімдеген еді. Енді «Атырау» да Қазақстан премьер-лигасында басымдықты қазақстандық ойыншыларға беретінін меңзеп отыр.

«Мұнайшылар» өткен біріншілікті 7-орынмен аяқтап, Қазақстан Кубогінің финалына дейін жете алған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров