«Атырау» мен «Қызыл-Жар» кездесуінде 5 гол соғылды
23.09.2018, 16:34
Жарнама
Жарнама
«Атырау» мен «Қызыл-Жар» арасындағы ойында жанкүйерлер 5 бірдей голға куә болды.
Алаң иелері алдымен есеп ашқан. «Астанадан» жалға алған жас футболшы Юрий Перцух 11-минутта командасын алға шығарды. Алайда қонақтар үзіліске дейін есепті теңестірді. Гол авторы – Мирослав Лечич.
Екінші таймның басында Марат Хайруллин пенальтиден дәлдік танытып, жергілікті жанкүйерлерді бір серпілтіп тастаған болатын. Осыдан кейін «Қызыл-Жар» ойыншысы Алтаев алаңнан қуылды.
Соған қарамастан Петропавлдан келген команда осы ойында екінші рет есепті теңестірді. Бірақ 70-минуттағы Шота Григалашвилидің де голы қонақтардың ұпай еншілеуіне көмек болған жоқ.
Негізгі уақыттың аяқталуына 2 минут қалғанда Алексей Родионов жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, «Атырау» үш ұпайға қол жеткізді.
https://youtu.be/Y_A2UjxBX38