Мадридтің «Атлетикосы» "ПСЖ" сұрмергені Эдинсон Каванимен жеке келісімге келіпті. Бұл туралы италиялық журналист Джанлука Ди Марционың сайты хабарлайды. Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, клуб футболшымен 3 жылдық келісім-шарт жайын жан-жақта талқылап, ортақ шешімге де келген. Алайда "Атлетиконың" қысқы трансферлік кезеңде нақты сатып алу-алмауы әлі белгісіз. Себебі, 2020 жылдың жазында Каванимен "ПСЖ" арасындағы келісім-шарт аяқталады. Міне, сол кезде уругвайлық футболшы Мадридке еркін агент ретінде аттануы әбден ықтимал.
Биылғы маусымда Эдинсон Франция біріншілігінде 8 ойын өткізіп, 2 гол салған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET